Ыңғайлы орналасқан орны, күнделікті 2 мезгіл тамақтану, толық жабдықталған бөлмелер және студентке қажет инфрақұрылым бір жерде жинақталған.
“Mugalim” ерлер жатақханасы
Қала ішінде орналасқан, оқу орындарына жақын, студенттерге арналған қолайлы қону орны.
Студенттерге
Төлем шарттары
Студентке түсінікті төлем
Реквизит
Төлем жасау деректері
- Мекенжай
- Республика Казахстан, город Алматы, микрорайон Алмагуль, 36/1
- Мекеме
- ТОО «Mugalim Office»
- БИН
- 230840023629
- ИИК
- KZ87601A861020183161
- БИК
- HSBKKZKX
- КБе
- Негосударственные нефинансовые организации
- КНП
- 872
- Аударымның мақсаты
- Студенттің аты жөні
Жақын оқу орындары
Студенттерге ыңғайлы бағыттар
- ҚазҰУ (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті)
- Нархоз университеті (NARXOZ University)
- ҚазГАСА (Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы)
- Almaty Management University (AlmaU)
- De Montfort University Kazakhstan
- IT университеті
Мұғалімдік мамандығын таңдаған студенттер үшін 20% көлемінде арнайы жеңілдік қарастырылған.
Ішкі ережелер
Жатақхана ішкі ережелері мен талаптары
- Жатақхана тұрғыны өз бөлмесін таза ұстауға және төсек-орнын жинап жүруге міндетті.
- Жатақхана мүлкін сындыруға, зиян келтіруге тыйым салынады. Әдейі немесе абайсызда зиян келтірген жағдайда заттың құнын төлеуге мәжбүр болады.
- Жатақхана ішінде балағаттауға, жағымсыз әрекеттер жасауға тыйым салынады.
- Суық қару болып саналатын заттарды сатуға, таратуға, бөлмесінде сақтауға тыйым салынады.
- Жатақханада бұзақылық жасауға тыйым салынады.
- Қоғам тәртібіне кері әсер ететін немесе мемелекеттік тыйым салынған діни ағымдық топтардың кітаптарын жинауға, оқуға және таратуға тыйым салынады.
- Жатақхана ішінде (бөлмеде, шкафқа) сурет ілуге тыйым салынады.
- Жатақханада құмар ойындар ойнауға, ұйымдастыруға тыйым салынады.
- Жатақханаға кіру және шығу уақытын бұзуға тыйым салынады.
- Жатақханада арақ ішуге, темекі шегуге, арақ-шарап алып келуге, сатуға, таратуға немесе мас болып келуге тыйым салынады.
- Жатақхана терезесінен сыртқа қоқыс лақтыруға тыйым салынады.
- Бөлмелерде, шкафта, төсек астында немесе терезе алдында тамақ сақтауға тыйым салынады.
- Түнде сағат 23:00-ден кейін жатақхана тұрғындарының мазасын алатындай шу шығаруға, радио, теледидар, гитара, домбыра секілді дыбыстық құралдарды қолдануға тыйым салынады.
- Жатақхана тұрғындарының мал-мүлкін ұрлауға, рұқсатсыз біреудің мүлкін қолдануға тыйым салынады.
- Жатақхана ішінде тәртіпке кері әсер ететін киімдер киюге, әрекеттер жасауға немесе жалаңаш жүруге тыйым салынады.
- Жатақханаға ең кеш кіру сағаты 21:00.
Жатақхана суреттері
Ғимараттың сыртқы және ішкі көрінісі